• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2017

Петропавлда тай боксынан республикалық біріншілік өтті

157 рет
көрсетілді

Былтыр тай боксы бойынша «Солтүстік кубогы» турниріне 100 спортшы қатысса, биыл 260 боксшы жұдырықтасты.

Республкалық ашық біріншілік Қызылжар өңірінде осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Ресей мен Қазақстанның әр аймақтарынан жиналған бокcшылар өзара күш сынасты.

«Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, жүлделерді сарапқа салатын болады. Жыл өткен сайын тілек білдірушілер қатары артып келеді», дейді турнирді ұйымдастырушылардың бірі Иван Ван-Хон-Тун.

Тай боксынан Қазақстанның бас жаттықтырушысы Елхан Аманқұловтың айтуынша, бүгінде 20 мыңнан астам адам спорттың осы түрімен жаттығатын көрінеді.

 Үш күнге созылған жарыс қорытындысында алматылықтар кубокты жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды петропавлдықтар мен атыраулықтар бөлісті.

Ең үздік боксшылар тамыз айында Тайландта өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.